«Қазір қыздарым отыр»: Тұрсынбек Қабатов концертте алғаш рет жеке өміріне қатысты айтты
Тұрсынбек Қабатов әйелімен ажырасуы туралы сұраққа жауап берді.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Астанада өткен жеке концертінде жеке өміріне қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол өзіне қатысты қауесетті білгісі келген көрермендеріне барлығын кейін ашық айтып беретінін жеткізді.
"Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Әлде бірдеңе білуге келіп отырсыздар ма? Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе білгілеріңіз келіп, айтқыларыңыз келіп отырған сияқты. Кейін айтамын асықпай, қазір қыздарым отыр", - деді әзілкеш.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов әйелі Мқлдір Мұқановамен ажырасып кеткені туралы қауесет тараған болатын.