Алматыдағы «Бағанышыл» оқиғасынан кейін үш шенеуік қызметінен босатылды
"Бағанашыл" балалар үйіне қатысты даудан кейін үш шенеунік қызметінен кетті.
Алматы облысында "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіруге байланысты туындаған даудан кейін үш шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облысының білім басқармасы мәлімдеді.
"Сондай-ақ білім басқармасының басшысы Салтанат Баспаева және ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов қызметтерінен босатылды", – делінген басқарма хабарламасында.
Еске салсақ, 21 шілдеде Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаевқа көшіру балалардың жылап, айқайлауына, талып қалуына, полиция мен жедел жәрдемнің келуіне себеп болған.
Бұл жағдайға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласты. Оның тапсырмасымен балаларды көшіру тоқтатылып, Президент Әкімшілігі жанынан қызметтік тергеу тағайындалды.