Алматыда ер адам әйелін бір айлық сәбиімен үйінен қуып шықты
Алматылық әйел күйеуінен үздіксіз таяқ жегенін айтты.
Алматылық келіншек жүкті кезінде күйеуінің ұрып-соққанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы KopSoz телеграм арнасы жазды.
Жәбірленушінің айтуынша, баланың әкесі оның жүктілігіне қарамастан, бірнеше рет ұрып-соғып, тұншықтырған.
Ер адам әйелін бір айлық сәбиімен бірге үйден қуып шыққан. Қазір олардың бөлек тұрып жатқандарына бір ай болған.
Бұл жағдайды әйел өзінің және қызының қауіпсіздіні үшін айтқанын мәлімдеді.