Қоғам

Алматыда ҚазҰУ студентінің өзіне қол салуының себебі белгілі болды

Студенттің өзіне қол салуының алдын-ала себебі аталды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі студенттің қазасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Саясат Нұрбек 12 тамызда үкіметтің брифингінде қайғылы оқиға тергеу органдарының назарында екенін атап өтті.

"Сот шешімдері немесе қорытындылары шықпай тұрып, бұл отбасының ішкі трагедиясы болуы ықтимал деп ғана айта аламын. Менің мәліметім бойынша, "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бабы бойынша іс қозғалады. Бұл университетке де, оқу үдерісіне де қатысты емес, отбасының ішкі жағдайы себеп болғанын нақты айтып отырмыз. Ақпарат жақын арада ресми түрде беріледі", – деді министр.