«Барлығын бірден көрсетіп, айтқым келеді»: жақында қалыңдық атанған Құралай Анарбекова жеке өмірі жайлы сөз қозғады
Құралай Анарбекова жеке өмірінен сыр шертті.
Белгілі кинопродюсер, актриса Құралай Анарбекова жеке өміріне қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді – тіпті қоршаған ортам. Біреулер кенеттен және түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу жеңіл, дәл уақытында келді. Жаңа адамдармен жаңа мағына пайда болды. Өзің өзгерген кезде айналаңдағы әлем қалай өзгергенін көрген қызық. Мен бәріне ризамын. Әсіресе қазір жанымда жүрген жандарға. Кейде барлығын бірден көрсетіп, айтқым келеді. Бірақ мен кішкене ырымшыл адаммын. "Бақыт және ақша тыныштықты жақсы көреді" дегенге сенемін. Сондықтан ең маңызды нәрселер ешқандай шусыз жүректе қалсын", - деп жазды актриса.
Жазбаға байланысты желі қолданушылары неше түрлі пікірлер жазуда. Бірілері оның не айтпақ болғанын түсінбей дал болса, енді кейбірі оған бақыт тіледі.