Қоғам

Руслан Берденовке екінші ота жасалмақ

Руслан Берденов Алматыдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Руслан Берденовке екінші ота 13 тамыз күні жоспарланған. Ол Алматыдағы клиникалардың бірінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Берденовтің өкілі Жеңіс Тыныбек айтты.

"Руслан Берденовке ертең ота жасалады. Ота барысында денесінде қалған атқыш қарудан шыққан оқ қалдықтары алынып тасталады", - деді Жеңіс Тыныбек.

Айта кетсек, 6 шілдеде Шымкентте басталған қастандық ісі бойынша өткен сот отырысына Руслан Берденов қатыспады.

Сот басталған күні Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің денесінде әлі де 60-тан астам аңшылық қарудан шыққан оқ қалдығы бар екенін жариялап, осы себептен сотқа қатыса алмағанын түсіндірді.