Айжан Байзақованың інісі әйелімен ажырасып кеткенін айтты
Әлихан Байзақов әйелімен ажырасқанын мәлімдеді.
Танымал блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов әйелі Стефаниямен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, бұл екеуінің ортақ шешімі.
«Біржола нүкте қойғым келеді: біз ажырастық. Бұл екі жақтың ортақ шешімі болды. Барлық бұрынғы қыздарыма, бойжеткендерге, әйелдерге үлкен құрметпен қараймын. Өте көп жақсы сәттер мен естеліктер болды, бірақ бәрінің өз соңы бар. Мәселені жабық деп есептеймін. Ол адамның енді менің тегіме де, отбасымa да еш қатысы жоқ. Құрметпен қарауларыңызды сұраймын», - деп жазды ол.
2024 жылдың наурызында Әлихан Байзақов Стефаниямен мешітте некесін қидырды. Бойжеткен ол үшін ислам дінін де қабылдаған болатын.