Қоғам

АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасады

АҚШ елшілігі виза талаптарына қатысты қазақстандықтарға үндеу тастады.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жариялады. Instagram желісіндегі парақшасында – азаматтарға виза талаптарын сақтау қажет екені ескертілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ескерту визасы бар және қазір АҚШ-та жүрген қазақстандықтарға арналады.

"Виза талаптарын және АҚШ аумағында болу мерзімін сақтаңыз. I-94 картасында көрсетілген мерзімнен артық қалу визаның күшін жоюға, мәжбүрлі түрде елден шығару шараларына және болашақта виза рәсімдей алмауға әкеледі", - делінген жазбада.

Елшілік өкілдері азаматтарға белгіленген мерзімнен артық жүру АҚШ-та саяхаттау, білім алу және еңбек ету мүмкіндігінен біржола айыратынын еске салды.