Басты жаңалықтар
Жалақысы 60 мыңнан аз қазақстандықтарға салық азайтылады
- автор kyn.kz
- 16 шілде, 2018
- 274
Бұл жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Елбасының «бес әлеуметтік бастамасы» бағдарлама бойынша жалақысы аз қазақстандықтарға салық мөлшері азайтылады. Елімізде 2 млн адамға осындай жеңілдік жасалмақ.
«Салық 90 пайызға азаяды. Мәселен, жұмысшының айлығы 60 125 теңге дейін. Бұл 25 АЕК. Бұл соманың 10 пайызы, 6013 теңге міндетті зейнетақы жинағына алынады. 54 112 теңге қалды. Салық салынбайтын ең аз кіріс 28 284 мың теңге. Оны алғанда 25 828 теңге қалады. Бұл салық салынатын табыс. Салық сомасы 10 пайыз деп есептегенде 2 583 алынады. Енді 10 есеге айзайтып, 90 пайызбен есептегенде ол 258 теңге болады. Яғни төлеп жүрген 2583 теңге салық 253 теңгеге дейін азаяды», – деп мәлімдеді ұлттық экономика министрлігінде.
Осылайша елімізде жұмысшылар 29 млрд теңге қосымша ақы алады.
Салық жөніндегі өзгерістер 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына енгізіліп, елбасы қол қойды. Енді жүйе 2019 жылдан бастап жүзеге асады.