Мәдениет

«Салық төлеу керек»: Қаржы министрі ұлының тойын онлайн ақылы көрсеткен Майғазиевке қатысты

Қаржы министрі ақылы онлайн той жасаушылардың салық төлеуі міндет екенін мәлімдеді.

Қаржы министрі Мәди Такиевке концерттер мен үйлену тойларын онлайн-трансляциялау арқылы табыс тапқан әртістердің салық төлеуі жайлы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметтегі брифингте журналистер Қаржы министріне концерттер мен үйлену тойларын онлайн-трансляциялау арқылы табыс тапқан әншілер салық төлей ме деген сұрақ қойды.

Қаржы министрі мұндай табыс кез келген басқа кіріс түрімен бірдей саналады және міндетті түрде декларациялануы тиіс екенін айтты.

"Салық төлеу керек. Біздің Конституциямыз бар. 34-бапқа сәйкес, әркім салық төлеуге міндетті. Сондықтан қосымша табыс болса, салық төлеу қажет. Мысалы, әртістер той өткізеді, адамдар оны TikTok-та көреді. Жыл бойы түскен барлық табыс 2026 жылдың 31 наурызына дейін декларацияда көрсетілуі керек. Кейін 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін 10 пайыз салық төлеу қажет", – деп түсіндірді министр.

Еске салсақ, әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын ақылы онлайн-трансляциясы арқылы көрсеткен болатын. Бұл әлеуметтік желілерде ғана емес, құқықтық тұрғыдан да қызу талқыланған еді.