Мәдениет

«Қайрат қайда?»: Жұлдыз Әбдікәрімова гендер пати жасады

Жұлдыз Әбдікәрімова төрт баласымен бірге гендер пати ұйымдастырды.

Актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысын білу үшін гендер-пати жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Актриса гендер патиді 4 баласымен ғана Астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өтті.

"Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен Эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Алайда ол бесінші баласының жынысын анық көрсеткен жоқ. Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан "қыз" деп пікір қалдырған.

Желі қолданушылары Жұлдызды құттықтап, тілектерін жазды. Ал кейбірі гендер патида Қайрат Нұртасты іздеді.

"Қайрат қайда, мамасымен бе?", "Қыз сияқты", "Қыздар қуанғанына қарағанда қыз", "Қайрат көрінбейді" деп жазды олар.