Мәдениет

«400 миллион теңге»: Серік Жұманғарин Джей Лоның концертінен қанша табыс түсуі керек екенін айтты

Қаржы министрлігі Джей Лоның концертінен қанша табыс түсетінін айтты.

Қаржы министрі Мәди Такиев Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыда өткен концерттерінен ел бюджетіне қанша табыс түскенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметте өткен брифингте әлеумедік жұлдыздың концертінен бюджетке қанша түскені туралы сұраққа жауап берді.

"Жалпы, концерт тиімді болды. Біріншіден, Джей Ло жалғыз келген жоқ, онымен бірге көршілес елдерден туристер келді. Астанадағы концертке шамамен 5 мың, ал Алматыдағы концертке 7 мыңдай турист келген. Олардың барлығы қонақ үйлерде тоқтайды, мейрамханаларға барады, қалада серуендейді. Біздің есебіміз бойынша, бір турист кем дегенде мың доллар қалдырады", – деді Такиев.

Айтуынша, Дженнифер Лопестің концерті экономикаға оң әсер еткен.

"Салықтарға келсек, біз әлі есептеген жоқпыз. Салық төлеу мерзімі келген жоқ, бірақ бақылап отырмыз: қонақ үйлерде баға қаншалықты өсті, мейрамханаларда баға қалай өзгерді, кассаларда қандай айналым болды. Декларациялар тапсырылған кезде ғана нақты көретін боламыз", – деп түсіндірді министр.

Бұған қатысты Ұлттық экономика вице-премьер-министрі Серік Жұманғарин де пікір білдірді.

"Мен концерт ұйымдастырушысымен сөйлестім, ол 400 миллион теңге табыс түседі деп жоспарлап отырғанын айтты. Салық декларациясын тапсыру мерзімі – 25 қараша, одан кейін 25 күн ішінде салық төлеу керек. Жоспар – 400 миллион теңге", – деді ол.