«Қысымға байланысты»: Qaznews24 сатиралық парақшасы жұмысын тоқтатты
Сатиралық парақша жұмысын тоқтатқандарын мәлімдеді.
Qaznews24 сатиралық парағы қысымға байланысты жұмысын тоқтатты. Бұл туралы редакция желідегі парақшада мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәлімдемеде қысымға байланысты жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр екенін жазған.
«Күштік құрылым органдарының редакция мүшелерінің туыстарына жасаған қысымы мен жаңа тергеп-тексеру амалдарының басталуына байланысты біз агенттік жабуға шешім қабылдадық. Қазіргі жағдайда біз жұмысымызды жалғастыра алмаймыз. Осылайша, Конституция кепілдік берген өз құқығымыз бен сөз бостандығын қорғай алмаймыз»,– делінген парақша редакциясы жариялаған мәлімдемеде.
Осы жылдың сәуір айында парақша авторы Темірлан Еңсебектің үстінен қылмыстық кодекстің 174-бабы «араздықты қоздыру» бойынша іс қозғалып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Qaznews24 сатиралық Instagram парағының 94 мыңға жуық жазылушысы бар.