Саясат

Оқу-ағарту вице-министрі болып 32 жастағы Асылбек Ахметжанов тағайындалды

Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.

32 жастағы Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жас вице-министрдің тағайындалғаны туралы қаулыны үкіметтің баспасөз қызметі жариялады. 

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахметжанов Асылбек Амантайұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", – делінген хабарламада.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар.