Мәдениет
«Бетің қисаяды, деді»: Мереке Қалбаева денсаулығын айтып, көпшілікті алаңдатып қойды
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 тамыз, 2025
- 1

Мереке Қалбаева өзінің денсаулығы сыр беріп жүргенін және демалысқа кететінін жариялады.
Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева денсаулығының сыр бергенін айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, дәрігерлер оның денсаулығына дұрыс қарау керек екенін ескерткен.
"Маған демалыс керек екен... Скрытый ... болған. Жақында бетің қисаяды, деді. Жақында демалысқа кетемін. Оған дейін барлық шаруамды бітіру керек. Негізі менің денсаулығымның сыр беруі тоқтамай жұмыс істегеннен және нервтан екен. Барлығын жүрекке қабылдаймын. Не үшін демалмай жұмыс істеп жатырмын, кіммен жарысып, кім үшін істеп жатырмын қалай ойлайсыздар?", - деді әзідкеш.
Айта кетсек, Мереке Қалбаева жеке өміріне қатысты жазба жариялаған болатын.