"Қорлық көрсе, онда неге қашып кетпеді?": өгей әкелерінен бес жыл бойы қорлық көрген балалардың анасы олардың сөзін жоққа шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:19
- 30

Жасөспірімдерді өгей әкелері ұрып-соғып, құлдықта ұстаған. Аталған мәселені зерттеу үшін журналист Руслан Өтепбай Жамбыл облысына арнайы барып, балалардың туған әкесімен жолығып қаайтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жасөспірідер видеода өздерінің өгей әкесінен қорлық көргенін айтып, көпшіліктен көмек сұраған болатын. Балалардың туған әкелері бұл жағдайдан бейхабар болған.
«Балаларды көріп жүрегім ауырып кетті. Шешесінің жанында жүргеннен кейін бұлай ойламадым. Өгей әкесі ұрып жатыр екен деп айтты маған. Қамшымен ұрады, аяғымен тепкілей береді екен. Екі балаға бал бақтырып отырған. Арқасында, аяқтарында қамшының іздері бар көгерген. Содан кейін қинап намаз оқытады екен. Түн ішінде сағат бір жарымда таспих тартып отырып қалғып кетсек, қамшымен салып жібереді деп айтады өздері», - дейді балалардың әкесі.
Жасөспірімдердің айтуынша, намаздан кейін оларға «сендерде жын қаптап кеткен» деп жын шығарады екен.
Алайда анасы балалардың сөзін жоққа шығарды. Ол күйеуінің үстінен іс қозғалып жатса, ары қарай күресетінін айтты.
«Егер бес жылдан бері сондай қорлық көріп келе жатса, неге сол кезде қашып кетпейді? Олар ойдан шығарған, бәрі жалған. Өгей әкесі намаз оқиды, балалар да намаз оқиды. Оларға қинап оқытпайды. Ол жоқ кезде де балалар намаз оқиды. Қамшымен тек жерді ғана ұрып отырады, көздерін ашсын деп», - дейді балалардың анасы.