Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өздерін алдап жүрген байғұстар»: Мөлдір Анарбаева орамал тағып жүрген қыздарға шүйлікті

«Өздерін алдап жүрген байғұстар»: Мөлдір Анарбаева орамал тағып жүрген қыздарға шүйлікті
Сурет: ашық дереккөздерден
Мөлдір Анарбаева орамал тағатын қыз-келіншектерді сынға алды.

Белгілі блогер, журналист Мөлдір Анарбаева орамал тағып жүрген қыз-келіншектерді сынап, ұрсып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, талақ деп ажырасып, әркімнен бала туу – мұсылмандыққа жатпайды.

«Діннің фанаттары қиял әлемінде өздерін алдап жүрген байғұстар ғой. Мен құдайды діннің ішінде ғана отыр дегенге келіспеймін.

Мың жамандық жасап, орамал мен діннің артына тығылып, құдайды жынды қыла алмайсың. Бір суреттен қорқыныш іздеу, миға қанбайтын шарттар іздеу ақымақтық! Миыңның шарықтау шегі нөл деген сөз!

Ертегіге сеніп қуалап, сүннет деп екі қатын алып, нәпсіңе ие бола алмау орамал тағып алып Алланың қалауы — әркімнен бала туғаныңды құдайға жабу есалаңдық! Мисыздық! Топастық! Мың жерден таңға тұрып намаз оқысаң да, осы өмірдегі тозағың әлі алда!

Өмірге көзіңді ашып қара! Ақымақтығыңнан жасаған иттігіңді құдайға жаппа», — деді блогер.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар