Мұғалім болсаңыз жалақыңызға 30-50% үстемақыны қалай алуға болатынын біле жүріңіз
- автор kyn.kz
- Бүгін, 17:53
- 15

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылы қабылданған “Педагог мәртебесі туралы” заң соңғы төрт жылда ұстаздарға қолайлы жағдай жасауға және олардың кәсіби өсуін ынталандыруға жол ашты. 2020 жылдан бері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің жалақысы екі есеге өскен.
Аттестация нәтижесіне қарай мұғалімдер біліктілік санатына байланысты жалақысына 30-50 пайыз көлемінде үстемақы алады. Сондай-ақ тәлімгерлік, магистр дәрежесі және спорт секцияларын жүргізгені үшін қосымша төлемдер енгізілген, - делінген ресми жауапта.
2021 жылдан бастап мектеп мұғалімдерінің апталық жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа қысқартылды. Сонымен қатар еңбек пен демалыс уақытын нормалау жүйесі енгізілді.
Заңға сәйкес, қазақстандық педагогтер әр үш жыл сайын біліктілігін арттыруға құқылы. Бұл бағытта министрлік курстарды білім алушылардың жетістіктерін бағалау қорытындылары мен халықаралық зерттеулердің (PISA, PIRLS) нәтижелерін ескере отырып ұйымдастырады. Курстан кейін мұғалімдерге топтық және жеке кеңестер түрінде тұрақты әдістемелік қолдау көрсетіледі.