Аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC-дегі турнирінде жеңіліс тапты
UFC 319 турнирінде америкалықпен жекпе-жек өткізген Әліби Ыдырыс жеңіліп қалды.
Аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC 319 турниріндегі жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы UFC 319 турнирінде америкалық Джозеф Моралеске қарсы жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған. Бірақ америкалық спортшы екінші раундта Әліби Ыдырысты қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.
30 жастағы Әліби Ыдырыс кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.