Биыл Астана мен Алматы қаласына күз ерте келеді
Синоптиктер астаналықтар мен алматылықтар үшін күз ерте басталатынын болжады.
Синоптиктер Астана мен Алматы қаласында 17-19 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, тамыз айында кейбір аймақтарда ыстық болып, жауын-шашын түспейді, ал басқа өңірлерде жаңбыр жауып, температура күрт ауытқиды. Айдың бірінші онкүндігінде жылыну солтүстік пен шығысқа келеді, ал оңтүстік пен батыста, керісінше, сәл салқындайды. Кейін ауа райы тұрақсыз болады – ыстық күндер салқын әрі жауынды күндермен алмасады, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болуы мүмкін. Жалпы, жауын-шашын мөлшері нормаға сай болады, бірақ солтүстік пен шығыста көбірек түсуі ықтимал.
Астанада 17 тамыз – ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +20…+22°С болады.
18 тамыз – ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +19…+21°С көрсетеді.
Алматыда 17 тамыз – ауыспалы бұлтты. Ауа температурасы күндіз +28…+30°С болады.
18 тамыз – ауыспалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, күндіз +25…+27°С көрстеді.
19 тамыз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С болады.