АҚШ-тың бірінші ханымы Путинге хат жолдады
АҚШ-тың бірінші ханымы Путинге болашақ ұрпақты қорғауға шақырды.
АҚШ-тың бірінші ханымы Владимир Путинге арнайы хат жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол хатта Ресей президентіне балаларды және болашақ ұрпақты қорғауға шақырды. FoxNews редакциясына құжаттың көшірмесі түскен.
"Әр бала махаббат, мүмкіндік пен қауіпсіздіксіз ортада өмір сүруді армандайды. Әлем басшылары осыны қамтамасыз етіп, бәріне әділетті, бейбіт болашақ құруға жауапты", - делінген хатта.
"Жаңа өмірге келген әрбір ұрпақ географиядан да, биліктен де, идеологиядан да жоғары тұрған кіршіксіз тазалықпен бастайды. Балалардың осы тазалығын қорғау арқылы сіз Ресейге ғана емес, бүкіл адамзатқа қызмет етесіз. Бұл батыл ой барлық кедергілерді еңсере алады. Ал сіз, Путин мырза, оны бір ғана қол қою арқылы іске асыра аласыз. Уақыт жетті", – делінген хатта.
Бірінші ханым Путин "балаларға олардың шат күлкісін қайтара алатынын" айтқан.