Қоғам

Астанада қызы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Астанада анасын өлтірді деген 30 жастағы қыз ұсталды.

Астанада қызы өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елордада зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның 30 жастағы қызы ұсталды.

Тергеу барысында анасы мен қызы арасында жанжал туындап, ол үлкен ұрысқа ұласқаны анықталды.

Сол кезде күдікті анасын пышақпен жаралап, ол алған жарақатынан көз жұмған. Қазіргі уақытта күдікті қамауда, тергеу амалдары жалғасуда.