Басты жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері 5 градусқа дейін күн суытады

Алдағы үш күнде күн салқындайды.

Синоптиктер 19, 20, 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері батыс аймақтардан шығысқа қарай жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклоны әсерін жалғастырады. Соның әсерінен көшпелі бұлтты болады, найзағай ойнайды, жаңбыр, күндізгі сағаттарда бұршақ жауады, жел соғады.

19 тамызда батыста және шығыста, 20-21 тамызда солтүстік-батыста, ал 21 тамызда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

"Солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде +10…+17 °C, күндіз +17…+25 °C болады. Шығыста түнгі температура +5…+15 °C шамасында, күндіз аздап көтеріліп, +22…+29 °C-қа дейін жетеді. Қалған аймақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.