«Жаңбыр басталып кетті»: Астана маңында құлаған ұшақта туған күніне сыйлық жасағасы келген 3 баланың анасы қаза тапты
Өзінің туған күніне сыйлық жасамақшы болған әйел ұшақ апатынан көз жұмды.
Ақмола облысында апатұа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақта 43 жастағы Диана Ахметова мен ұшақтың иесі Арман Мусин болған. Ол туған күнінде өзіне сыйлық жасамақ болған. Марқұмның артында 3 баласы қалды. KYN.KZ ақпарат агенттігі Newtimes.kz порталына сілтеме жасап.
Әйелдің таныстарының айтуынша, ол жекеменшік ұшақта ұшуды армандаған. 16 тамызда туған күнін атап өткен. Сөйтіп келесі күні ұшақпен ұшуға сағат 17:00-де жазылған.
“Шағын ұшақ екен. Бірақ жаңбыр басталып кетті. Тура мен жеткенде ұшуды тоқтатпаса болды. Өзімнің туған күнімде ұшуды жоспарлаған едім, кеше жаңбыр жауып кетті. Кейін бәрін айтып беремін”, – деп жазған ол құрбысына.
Әуе сапарын ұйымдастыратын компания Дианаға жаңбыр немесе қатты жел кезінде ұшпайтынын айтқан. Ақша кері қайтарылатынын немесе ұшу басқа күнге шегерілетіні де ескертілген. Алайда жаңбырға қарамастан Диана сағат 17:00-де Төңкеріс ауылының маңында ұшаққа отырған.
Балалары аналарын іздеп, еріктілер тобына жүгінген. Олар өткен жылы ғана әкелерін жер қойнына тапсырған.
“Кешкі сағат 21:00 шамасында жаңалықтардан ұшақтың құлағанын білдік. Полиция оның қазасы туралы туыстарына түнде ғана хабарлаған”, – деді марқұмның танысы.
Әуе серуенін ұйымдастырған polety_astany компаниясының өкілдері қайғылы жағдайдан соң отбасы мүшелерімен байланысқа шықпаған. Тіпті, Instagram-дағы парақшасын өшіріп тастаған.
Көлік министрлігі апатқа ұшыраған әуе кемесінің Aerostar R40F маркалы, борт нөмірі UP-LA229 екенін растады.
Көлік полициясы Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 3-бөлігі бойынша (Әуе көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.