Астана маңындағы ұшақ апаты: бірнеше әуе компаниясы жұмысын тоқтатты
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 тамыз, 2025
- 541
Астана іргесіндегі ұшақ апатынан кейін Қазақстанның Авиация әкімшілігі бірнеше әуе компаниясының жұмысын тоқтатты. Ендігіде осындай маркалы ұшақты пайдаланып жүрген компанияларды тексермекші, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Астанадан шамамен 40 шақырым жердегі Төңкеріс ауылының маңында орын алды. Болжам бойынша, ұшақ жазық далаға кеп құлаған. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Жеке жеңіл әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша көліктегі полиция департаментімен ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Өкінішке қарай, апат салдарынан екі адам қаза тапты. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр»,- дейді Ләззат Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі.
Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін полиция департаментімен қатар көлік министрлігінің де мамандары жұмыс істеп жатыр.
Айта кетсек, бұл Астана маңында осы жазда тіркелген екінші әуе апаты. Енді Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында шағын әуе кемелеріне жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.
Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді
Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




