Басты жаңалықтар

Берденов ісі: судья сот отырысында тілін шығарды

Руслан Берденовке қатысты істің сот отырысында судьяның іс-әрекеті көпшілікті алаңдатты.

Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісін қараған судья камераға тілін шығарған.  Оның видеосын журналист Ботагөз Омарова жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Журналист судьяның өз эмоциясын не себепті бұлай білдіргенін түсінбеді. 

"Қарабаевқа не болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, ол үшін алаңдаймын", – деді Омарова.

Журналист әріптестерінен Қарабаевтың тағы кімге тілін шығарғанын сұрады.