Қоғам

Таразда тәрбиешінің көмекшісі бес жасар баланы ұрып, басын жарды (ВИДЕО)

Тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршіннің басын жарып тастады.

Тараздағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі баланы басынан пакетпен аяусыз ұрған. Бұл туралы видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға 25 шілде күні №36 «Бүлдіршін» балабақшасында болған. 

Желідегі жазбада тәрбиешінің көмекшісі бес жасар баланы кешкі серуен алдында басынан ұрғаны жазылған. Тәрбиеші бірден медбикені шақырып, алғашқы көмек көрсеткен. 

Кейін ата-анасы ұлын қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне апарып, рентген жасатқан.

Тексеру нәтижесінде көмекші тәрбиеші мен әдіскер жұмыстан босатылыр, топтың тәрбиешісіне қатаң сөгіс берілді.