Басты жаңалықтар

Шерзат Полат өлімі: сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Полатқа қатысты сегіз сотталушының өтініші қаралды.

Бүгін апелляциялық кеңес Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталғандардың өтініші бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен үкім мен жеке қаулы өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

Сот отырысы офлайн режимде өтті.

Апелляциялық алқа қаулы шығарып, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.