Назарбаев университетінің жатақханаcынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды
Назарбаев университетінің жанынан студент қыздың мәйіті табылды.
Назарбаев университетінің аумағынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 15 тамызда болған. Бойжеткен 12-қабаттан секіріп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті полиция.
Еске салсақ, екі ай бұрын осы оқу орнында тағы бір студент қыздың мәйіті табылған болатын.