Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ернар Айдар өзін “той әншісі” деп сынаған Роза Рымбаеваға жауап қайтарды

Ернар Айдар өзін “той әншісі” деп сынаған Роза Рымбаеваға жауап қайтарды
ашық дереккөз
“Мүмкін Роза әпкеміздікі де дұрыс шығар, ол жағын халық шешер”
Халық әртісі Роза Рымбаева әнші Ернар Айдарды “өзбек әндерін аударып айтып жүрген той әншісіне” теңеп, жұрттың қызу талқысына түсті. “Славян базары” байқауына қатысқан әнші Әміре (шын есімі Ернар) туралы сөз қозғаған Роза Қуанышқызы оны хитмен әнші Ернар Айдармен салыстырып, екеуінің деңгейі екі бөлек екенін атап өткен. Қызығы сол , кейбіреулер таяу күндері Астанада үлкен концерт берген Ернарды аталған оқиғаны “пиар” үшін алдын-ала ұйымдастырған деп те ойлапты. Ал әншінің өзі бұған қысқа жауап қайырды: “Мүмкін Роза әпкеміздікі де дұрыс шығар, ол жағын халық шешер”.   Десе де әншінің көңіл-күйі түсіп қалғаны байқалды . Бұл орайда журналист Анна Данченко: “Мүмкін бұл оқиғаны журналистер немесе тағы басқа адамдар тапсырыспен жасап отырған шығар? Арнайы сондай жауап алу үшін қойылған сұрақ шығар?” – деп сұрады. Оған Ернар Айдар: “Мүмкін, жаман нәрсе ойлаудан аулақпын. Бірақ аққа Құдай жақ дейді ғой. Осы уақытқа дейін аяқтан шалғандар болды. Бұдан да үлкен кедергілер болды, сол кезде оған ешқандай қараған жоқпыз. Қарауға да уақыт болған жоқ. Себебі өз жұмысын сүйген адам анау-мынауға қарамайды. Ол жыртық-жыртық джинсымен тұрса да, барымен халықтың көңілін аулауға тырысады. Менің мақсатым бөлек. Сол мақсатқа жету үшін, анау-мынауға көңіл бөлуге уақыт жоқ. Бірақ ондай жоқ деп ойлаймын. Себебі біреуге пайдам тимесе де, зиянымды тигізбеуге тырысамын. Сол үшін мені қолдаушы халыққа алғысымды айтамын. Мүмкін маған бір кедергілер болса, уақытымен оның бәрі орнына келеді”, – деп жауап берді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар