Бұршақ және тұман: 20 тамызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті.
«Қазгидромет» РМК 20 тамызға арналған ауа арйы болжамын жасады. Елдің көптеген өңірінде найзағай, жаңбыр, бұршақ және тұман болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.
Жетісу облысында Алакөл маңында жел күшейеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарында желмен бірге аптап ыстық сақталады.
Қызылордада шаңды дауыл тұрып, көлік қозғалысына қиындық келтіруі мүмкін.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, сондай-ақ Батыс Қазақстанның кей бөлігінде өрт қаупі өте жоғары болып қала береді.