Мәдениет
«Қараймайтын, сарғаймайтын»: Ерке Есмахан жеке бизнесін қолға алатынын мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:29
- 51

Ерке Есмахан сотуарын жаңа үлгіде шығармақ.
Белгілі әнші Ерке Есмахан жеке бизнесті қолға алатынын айтты. Ол сотуарын қайта жаңа үлгіде шығармақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші алқаға сұраныстың көп екенін және мұндайды күтпегенін жасырмады.
“Жеңгемнің мойнындағы сотуар біраз оқырманның көзіне оттай басылыпты. “Сотуар бар ма?” деген хаттар толып кетті. Тіпті, күпедім. Алдағы уақытта сотуар кішігірім өзгерістермен қайта шығады. Тілек-ниетім сол баяғы. Бұйырса бұйым, қараймайтын, сарғаймайтын, ағармайтын болып жалтырап шығады. Оған кепілдік беремін”, – деді Ерке.
Еске салсақ, жаңа жыл қарсаңында Ерке Есмахан сотуар шығарып сынға қалған еді. Сатып алушылар әшекейді тот басып, қарайып кеткенін айтқан болатын.
Келесі мақала