Қоғам

Ата-әжелеріне қонаққа келген: Үржар ауданында көлік қағып кеткен балалар туралы ақпарат шықты

Көлік қағып кеткен балалардың біріата-әжесіне қыдырып келген.

Абай облысының Үржар ауданында көлік қағып кеткен балаларға туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Облысының әкімдігінің мәліметінше, жол апаты салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмған.

«Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны», - делінген хабарламада.

Ал зардап шеккен 6 мен 9 жас аралығындағы үш баланың екеуі Үржар ауданынан. Ал біреуі Жарма ауданынан келген. Зардап шеккендер – екі отбасының балалары.