Қоғам

Қаңтар оқиғасы: ұрланған қару-жарақтар табылды

Жедел іздестіу кезінде қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтар табылды.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар бірнеше өңірден табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҰҚК «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды іздеу және алып қою бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде 12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500 бірліктен астам оқ-дәрі алып қойылды.