Хорватия шабуылшысы Анте Ребич ауылының бүкіл қарыздарын төлеп берді
Анте Ребич өз жерлестерінің барлық несиесін жауып берді, деп хабарлады eurospot.ru сайты
Хорватияның футбол құрамасының шабуылдаушысы Анте Ребич өз ауылының тұрғындарына жақсылық жасады. Ол өз жерлестерінің барлық несиесін төлеп берген. Футболшының ауылында 500-ге жуық тұрғын бар екен. "Ол Сплитаға жақын ауылда өскен. 19 жасында италиялық "Фиорентинаға" кетіп қалса да, жерлестерін ұмытпаған. Анте ауыл тұрғындарының барлық несиесін жауып берген", - дейді Анте Ребичтің Хорватия құрамасындағы әріптесі Ловро Шиндик.