Түркістан облысында 17 жастағы қызды туысы зорлап, арасында достарына сатып отырған
Түркістан облысында ер адам өз туыс қызын бір жыл бойы зорлап келген.
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ер адам туысы болып келетін 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келген. Бұл ғана емес, оны достарына «сатқан», деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер Жан Ахмедов әлеуметтік желіде айтты. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ер адам зорлағанын бейнекамераға түсіріп алған.
«Бір жыл бұрын мені Зәкір атты туысым маған көлік айдап үйретемін деп алдап апарып зорлады. Сол кезде мені зорлағанын бейнекамераға түсіріп алып, ешкіме айтпа деп мені қорқытты. Бір жыл бойы маған ойына келгенін жасады. Мені өзі зорлағанымен қатар таныс достарына да зорлыққа сатты. Бастапқыда полиция департаментінде Зәкір істеген ісін мойындады. Тағы да мені қорлаған бес адамды да тапқан еді. Алайда қазір іс басқа жаққа бағыт алып бара жатыр», – деді бойжеткен Лейла.
Алайда қыз күдікті жазадан құтылып кете ма, деп қорқатынын айтады. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторында.