Қоғам

143 097 теңге: Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Еңбек министрлігі зейнетақының мөлшерін жариялады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 451,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 793 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 658,4 миллиард теңге қарастырылды.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 497 мың адам.

"2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 097 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге", - делінген хабарламада.