Мәдениет

«Тауықтың миындай миың жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұрағандарға жауап берді

Гүлзира Айдарбекова келіні туралы сұраған оқырмандарына ұрсып тастады.

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына үндеу жасады. Ол жақында босанған Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Желі қолданушылары продюсерден келінінің ана атануымен не себепті құттықтамай жатқанын сұраған. 

"Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма достар?", – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Бұдан басқа өзін сынаған оқырманына жауап берді. 

“Менің отбасым – менің әлемім. Тұмсығыңды тығып, менің өміріме тіміскіленбей, шаруаңды жаса. Өз-өзіңді дамытып. тірлік ет. Тауықтың миындай миың жоқ, санасызға сан айтсаңда болмайды екен ғой. Аңдығаның мен болдым ғой, басқа шаруаң жоқ па, әлде сені таба алмай қалады деп тұрсың ба? Менің отбасымнан да өзімнен де аулақ кет, жаныңның барында. Қоятын түрің жоқ қой, қара жыланға ұқсап оратылып отырсың. Қой дегенде қоймаған, қой дегенге зар болады. Бұл саған айтылған сөз”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы.