Қоғам

30 тамыз – Конституция күні: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтар мерекеге орай үш күн демалады.

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  “Электрондық үкімет” порталында жарияланды.

30 тамыз – Конституция күні. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі де демалыс күні болып есептеледі.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30–31 тамыз және 1 қыркүйек –үш күн демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 30–31 тамыз – демалыс күндері, 1 қыркүйек – жұмыс күні.