Теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
22 тамызға қараған түні Данилина сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге жұптық сайыста америкалық Кармен және Ивана Корли есімді апалы-сіңлілі қарсыластарын жеңді.
Финалға жолдама үшін Анна мен Александра чехиялық дуэт – Анастасия Детиюк пен Мириам Скохқа қарсы бақ сынайды. Айта кетерлігі, бұл жұп осы турнирге үш жыл бұрын да қатысып, финалға дейін жеткен, бірақ шешуші ойында жеңіліс тапқан.