
Магистратура бойынша 2025-2026 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 20 мыңнан астам адам қатысты. Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2025 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы:https://t.me/SayasatNurbek;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі https://t.me/gylym_jogary_bilim;