Саясат
Тоқаев Зеленскийді Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:11
- 28

Тоқаев Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол украин халқына бейбітшілік пен амандық тіледі.
Украинаның Тәуелсіздік күні 24 тамызда атап өтіледі. Бұл күн 1991 жылы Жоғарғы Рада қабылдаған Тәуелсіздік туралы актіні еске алу үшін белгіленген. Аталған құжат елдің КСРО құрамынан шығып, тәуелсіз украин мемлекетін құрғанын заңды түрде бекітті. Бұл күн – Украинаның басты ұлттық мерекесі.
Келесі мақала