Ерке Есмахан “толыпсың” деген оқырмандарына жауап берді
Ерке Есмахан сырт-келбетін айтып, өзін сынағандарға ренжіді.
Әнші Ерке Есмахан өзін “толып кеттің” деген оқушыларға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол жақында босанғандықтан фигурасында өзгерістер барын айтты.
«Кішкентай ғана батырым, мамасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар», - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, ол көп ұзамай сырт келбетін 90-60-90 өлшеміне келтіріп алатынын атап өтті.