Шерзат Полат өлімі: Қаржаубайдың отбасы жаңа үйге күзде көшеді
Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жаңа баспана салынып жатыр.
Марқұм Шерзат Полаттың өртеніп кеткен үйінің орнына жаңа баспана салынып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев айтты.
“Көптің көкейіндегі жүрген сұрақтың бірі: Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр? Біздің бар назарымыз Шерзаттың ісінде болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір, міне, келіп отырмыз. Аллаға шүкір, үйді бастаған, көзіміз жетіп жатыр”, – деді ол.
Алматы облысы әкімдігі құрылысты аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берген. Үй 15 қазанға дейін бітеді.