Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде Ұлттық ұлан сержанты бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

Семейде Ұлттық ұлан сержанты бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі
Семейде болған төтенше жағдай кезінде Ұлттық ұлан сержанты Қайрат Әділханов ерлік танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалған. Бұл Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 22 тамыз күні 14-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Түтінді байқап қалған ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сержанты Қайрат Әділханов еш ойланбастан әрекетке көшкен.

Пәтер есігі жабық болғандықтан, ол төртінші қабаттағы балконнан төмен түсіп, үшінші қабаттағы өртеніп жатқан пәтерге кіріп, жалынның ортасынан газ баллонын шығарып үлгерген.

"Егер ол жарылған жағдайда, қайғылы жағдайдың болары анық еді. Қайрат Әділхановтың жедел қимылының арқасында жарылыс болған жоқ және тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Әскери қызметшінің айтуынша, мұндай кезде кез келген жауынгер осындай әрекетке барар еді.

"Ең маңыздысы – адамдардың амандығы. Менің орнымда болса, кез келген жауынгер осылай істер еді", - дейді Ұлттық ұлан сержанты Қайрат Әділханов.

Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар