Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Туған ағам зорлады”: келіншек әкесі мен ағасының көрсеткен қорлығы туралы айтты

“Туған ағам зорлады”: келіншек әкесі мен ағасының көрсеткен қорлығы туралы айтты
Сурет: kaktus.media
Әйел 13 жасында ағасы мен әкесінің зорлағанын айтып, жан сырын ақтарды.

Туған ағасынан зорланған қыз анасына деген ренішін жеткізді. Айтуынша, мұны білгпн әкесі көп ұзамай өзі де зорлай бастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева желідегі парақшасында жариялады. Оған оқырманы хат жолдаған.

"Мені туған ағам зорлады. Ол аздай ағамның зорлағанын естіген әкем де мені зорлауды бастады. 

6 жастан асқан кезім...ағам 13 жастан асқан еді ... Күштеп зорлық көрсетті ,мен айғайлап шыңғырғаным есімде .... Қатты жыладым қойшы аға жібер деп жалындым ,ол жібермеді өз ісін жасап, далаға шығып кетті.... Жылап ұйықтап кетіппін ,кешке шешем жұмыстан келетін, соның шапалағынан ояндым. 

Мені қорғай ма деген шешем, жағдайымды естігенде, бір жеріңе еге болмайсың ба деді, ашып жата бермей,оқтаумен ұрды,жуындырып айғайлап жатты.....бірақ баласына ештеңе демеді, қой деп айтпады...”, - дейді қыз.

Айтуынша, ағасының зорлағанын білген әкесі де өз туған қызын жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Ал ағасы кейін үйленіп, балалы-шағалы болған. 

“Әкем вахтада жұмыс істейтін....Әкем келгенде әкеме жылап айттым үлкен ағам тиіседі деп...әкем "сен кішкентай бәле болдың ғой" деп салып жіберді... Әкем арақ ішетін, үйдің күл талқанын шығарып, шешеме айғайлайтын, бірақ қол көтеруге шешемнен қорқатын...оған неге айттым не күттім білмеймін...

Кейін әкем де ішіп келіп, маған қол жүгіртіп, тиісуді бастады. "Сен енді қыз емессің саған болады" деп күштеп зорлайтын болды. 13 жасыма дейін осылай жалғасты!

13 жасымнан бастап ес жинап өзімді қорғай бастадым енді істесең көрші апаға айтам деп, әкемді қорқытып қойдым, шешем білетін, бірақ үндемейтін.... 

Әкем алдыңғы жылы өлді. Ол өлгенде Құдайға тапсырып жаназасына бардым, ешқандай сезім болмады.. Ағам бес баласы бар, қазір дәулетті кісі болып өмір сүріп жатыр. 

Қазір 35 жылдан аса уақыт болыпты аға сымақ ағам бірде бір рет кешірім сұрамады....мен араласпаймын онымен, жеңгем мені кішкентайынан жәлеп деп барлық елге солай айтқан, өзі сол зорлықшының қасында жатып бала шағасын өсірді ..,- дейді ол.

Қазір қырық жастан асқан келіншек бала кезінде басынан өткенін ұмыта алмайтынын айтады. Сондай-ақ, сол кезде қорғай алмаған анасын кешіре алмайтынын жеткізді.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар