Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді
Алматы әуежайында өзін өртеп жіберген ер адам ауруханаға жеткізілді.
Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді. Полиция мен қауіпсіздік қызметкерлері өртті сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видео желіде тарады. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.
«2025 жылғы 25 тамызда сағат 22:06-да Алматы әуежайының «Т-1» терминалында ер адам билет кассасының жанында өзін-өзі өртеп жібермек болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді.
Аталған факті бойынша көліктегі полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.