Roblox ойыны қауіпті: оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балаларын қорғауға шақырды
Министрлік балаларға бағытталған онлайн қауіп-қатерді ескертті.
Балалар арасында кең тараған кейбір мобильді ойындардың тасасында қаскүнемдер жасырынуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі соңғы уақытта балаларға бағытталған онлайн қауіп-қатердің артқанын ескертіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.
Әсіресе, Roblox ойыны арқылы сенімге кіріп, жасөспірімдерді алдайтын әрекеттер жиілеген.
Қаскүнемдер алдымен сенімге кіріп, кейін әңгімені жабық чаттарға ауыстырады екен. Олар сол жерде кәмелетке толмағандарды қорқытып-үркітуге дейін баратын көрінеді.
Roblox арқылы жасалатын мұндай қылмыстар қазір бірнеше елде кеңінен етек жайған. Түркия мен Қатар бұл ойынға тыйым салса, еліміздің Оқу-ағарту министрлігі әзірге ата-аналарды сақ болуға шақырып отыр. Олар бала мінезіндегі тұйықтық, агрессия мен мазасыздықты елеусіз қалдырмауға кеңес беруде.