Сүйіктісімен жанжалдасып қалған: Алматы әуежайында ер адамның не себепті өзін өртегені белгілі болды
Алматы әуежайында өзін өртеген ер адамның не себепті мұндай қадамға барғаны анықталды.
Полиция Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстер терминалы кассасының жанында өзін өртеп жіберген ер адам туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адамның мұндай қадамға баруына сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болуы мүмкін.
«Бұл әрекетке ер адамның бірге тұратын сүйіктісімен жанжалдасып қалуы себеп болғаны алдын ала анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталады», - деп хабарлады департамент.
Еске салсақ, 25 тамыз күні сағат 22:06-да Алматы әуежайының Т-1 терминалында билет кассасының жанында ер адам өзін өртеген болатын.