Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек: Мендегі құжаттар біраз депутат пен әкімдіктегілердің басын жұлып кетеді!

Айгүл Орынбек: Мендегі құжаттар біраз депутат пен әкімдіктегілердің басын жұлып кетеді!
коллаж kyn.kz
Айгүл Орынбек тағы да Ғабит Сыздықбеков пен Шымкент әкімдігінде біраз шикілік барын айтты.

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек қолында маңызды құжаттар бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл деректер бірқатар шенеуніктердің заңсыз әрекетін әшкере етіп қана қоймай, біразының қылмыстық жауапқа тартылуына негіз бола алады екен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековті ҰҚК қызметкерлері ұстады. Ғабит Сыздықбеков әкім болып келген кезде «жемқорлыққа қарсымын» деген ұранмен келген еді. Сол кезде мен біраз заңсыз істерге қатысы бар қызметкерлерді өзіне айтқанмын. Басында құлақ асып, тыңдап жүргендей көрінгенімен, кейін заңсыздықпен айналысатын адамдарды жақсы көріп кетті ме, бәрін қасына жинап алды.

Ғабит Сыздықбеков келген соң, бірінші осы Нұрболды қызметінен алып тастайды деп үміттендім. Өкінішке қарай, әкім Нұрболды сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы етіп тағайындады.

Нұрболдың біраз заңсыздықтарын Антикор ұйымдастырған жерге қатысты жиналыста да бетіне айтқанмын. Сөйтсем, оның «крышасы» әкім екенін білмеппін ғой.

«Менің крышам әкім», деп өзі айтып жүрген әйтпесе қызыл сызықтағы жерлердің бәрінде осы Нұрболдың қолы бар! Дәл осы Нұрболдың жерге қатысты заңсыздықтары туралы мен Ғабитке айтқанымда, әкім мені жақтырмай, тіпті қатты сөйлеп тастаған. Содан кейін әкім мені қара тізімге енгізіп қойған, сол күн Ғабит Сыздықбеков есіңізде ме?

Содан кейін: «Қойшы, бір күн болмаса, бір күні құрыққа түседі, сол кезде менің ескертулерімді еске алады» дегенмін. Міне, бүгін Нұрбол Жүнісбеков ұсталды деген хабар тарады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, менің қолымда құжаттар мен нақты фактілер бар – ертең ресми түрде сіздерге ұсынамын!

Менің қолымдағы құжаттар Мәжіліс депутаттары мен әкімдіктегі біраз адамдардың басын жұлып кетеді!», — деп жазды ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар